Батыс Қазақстан облысында жолдарды жөндеуге 36,5 млрд теңге бөлінді

921

Батыс Қазақстан облысында жолдарды жөндеуге 36,5 млрд теңге бөлінді

Батыс Қазақстан облысында жолдарды жөндеуге 36,5 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің атап өткеніндей, жуырда өңірдің барлық аудандарын аралаған кезде тұрғындардың көтерген басты мәселесі осы жол болды. Сондықтан жол салу мен жөндеуге бірінші кезекте назар аударылуда.

Биыл 480 км жол ретке келтірілмекші. Орал қаласының өзінде 67 көшенің жолын жөндеуге 8,3 млрд. теңге жұмсалмақ. Негізгі көшелер ғана емес, қаланың шеткері аудандарына да кезек келді. Тек облыс орталығында жылына кемінде 50 км жол жөндеу қажеттігі туындап отыр. Егер жылына 80-100 км жол жөнделсе, бұл мәселе төрт-бес жылда шешіледі деуге болады.

Қазіргі кезде алдағы жылдарға жобалық-сметалық құжаттама жасалуда. Сонымен қатар облыс, аудан орталықтары ғана емес, ауылдарға да жол салынатын болады. Бүгінгі сессияда мақсатты трансферттер есебінен қосымша бөлінген қаржының 1,5 млрд теңгеден астамы осы жол жөндеуге бағытталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу