Батыс Қазақстанда ЖРВИ-ге шалдыққандар саны 86 мыңнан асты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың айтуынша, 1 қазаннан бері 86461 адамнан жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) анықталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 44,5%-ға көп.
Оның түсініктемесі бойынша, соның ішінде 65,5%-ы балалар арасында тіркелген. Атап айтқанда, 1 жасқа дейінгі 1452, 14 жасқа дейінгі 56654 бала сырқаттанды. Сонымен қатар, 500 жүкті әйел ЖРВИ ауруына шалдыққан.
Айта кету керек, облыстың 192 мектебінде 4601 оқушы ауырды.
"Биылғы маусымда тұмаудың А түрі (H3N2) және тұмау емес вирустардың таралғаны анықталды. Тұмаудың А түрімен 61 адам ауырса, соның 17-сі – 14 жасқа дейінгілер, 16-сы – жүкті әйелдер. Ал 41 адам ауруханаға жатқызылса, қалғаны амбулаториялық ем алды. Оған қоса, тұмау тәрізді емес вирустардан аденовирус, риновирус, парагрипп аурулары анықталды", - деп түсіндірді Мұхамғали Арыспаев.