Батыс Қазақстан облысындағы ауылдың атауы қазақшаланады

1024

"Ашық НҚА" порталында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешім жобасы жарияланды.  

Батыс Қазақстан облысындағы ауылдың атауы қазақшаланады Фото: stan.kz

Батыс Қазақстан облысындағы Трекин ауылдық округінің атауы Байқоныс болып өзгертілуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

"Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Трекин ауылдық округі – Байқоныс ауылдық округіне, Трекин ауылдық округінің Трекино ауылы – Байқоныс ауылына қайта аталсын", - деп жазылған бірлескен шешімде.

Құжатты ашық талқылау мерзімі – 31 шілдеге дейін.

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысындағы Нұра ауылы таратылатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу