Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны бақылауда

620

Қазір аймақта жағдай тұрақты. Су басу қаупі жоқ.  

Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны бақылауда Фото: gov.kz

Батыс Қазақстан облысы ТЖД ақпараты бойынша жедел штабтың шешіміне сәйкес соңғы 3 күнде қоңыраулардың болмауына байланысты "жедел желі" телефонының жұмысы тоқтатылды. Бұл ретте жедел штабтың жұмысы жалғасуда, тәулік бойы кезекші қызметтердің телефондары тұрақты жұмыс істейді, деп жазады inbusiness.kz.

Су тасқыны кезеңінің басынан бастап "жедел желі" телефонына тұрғындардан 200-ден астам қоңырау түсті. Жедел штаб Орал және Елек өзендері деңгейінің жай-күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізіп жатыр. 

Аудан әкімдіктерінде су басқан тұрғын үйлерді санау, жергілікті атқарушы органдар тиісті көмек көрсету үшін материалдық залалды белгілеу бойынша жұмыс жүргізетін комиссиялар құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу