Батыс Қазақстан облысының әкімі өрттен 5 баласы қаза тапқан отбасыға барды

170

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев бір күнде 5 баласынан айырылған отбасыға көңіл айтты.  

Батыс Қазақстан облысының әкімі өрттен 5 баласы қаза тапқан отбасыға барды Фото: БҚО әкімдігі

Облыс әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыруға және отбасыға қажетті басқа да көмектерді көрсетуге қолдау білдіреді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін әкімдік қайғыдан қан жұтқан отбасыға үй берілетіні туралы хабарланған болатын.

4 маусым күні сағат 15:00 шамасында Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында болған өрт салдарынан бір отбасының бес баласы қаза тапты.

Алдын-ала мәлімет бойынша, өрт кезінде балалар үйде үлкендердің қарауынсыз қалған. Өрт шамамен 30 шаршы метрді шарпыған, үйдің ішінде тұрмыстық заттар мен жиһаз жанған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу