Батыс Қазақстан облысының өкілі қазақ аруы атанды

764

Батыс Қазақстан облысының өкілі қазақ аруы атанды

Астанада "Қазақ аруы-2017" сұлулық байқауының финалы өтті, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Шешуші сында жеңіс Батыс Қазақстан облысының өкілі Нұргүл Асановаға бұйырды. Бірінші орынға қызылордалық Зуxра Сайпи ие болса, ақтөбелік Гүлжанат Жұмажанова екінші орыннан көрінді. Үздік үштікті қарағандылық Әйгерім Орынбекова түйіндеді.

"Қазақ аруы" сұлулық байқауы Астанадағы бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Биылғы сайысқа еліміздің әр аймағынан іріктелген 16 ару қатысып, бақтарын сынады.

Биыл алғаш рет "Қазақ аруы" байқауына Виктория Петрова есімді өзге ұлт өкілі қатысты. .

Сұлулық байқауы осымен жетінші рет өтті. Оның үшеуі Астанада ұйымдастырылды. Еске сала кетейік, "Қазақ аруы-2016" байқауының жеңімпазы атыраулық Альмира Ахатова болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу