Батыс Қазақстан облысында әйел қамауға алынбау үшін сотқа жүктілік туралы жалған анықтама ұсынды. Осыған байланысты, әйел де, фельдшер де жауапқа тартылды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Батыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап жазады.
Прокуратурада атап өтілгендей, полицейлер әйелге қатысты ӘҚБтК-нің 6-бөлігінің 608-бабы (көлік құралын мас күйінде жүргізу) бойынша хаттама толтырған. Жауапкершіліктен құтылғысы келген құқық бұзушы фельдшер досынан жүктілігі туралы жалған анықтама беруді сұраған, содан кейін ол сотқа жалған құжат ұсынған.
"Аталған фактілер бойынша Бөрлі ауданының прокуратурасы тексеру жүргізіп, оның қорытындысы бойынша жалған анықтама дайындағаны үшін фельдшерге қатысты ҚК-тің 385-бабының 1-бөлігі бойынша, ал құқық бұзушыға қатысты ҚК-тің 385-бабының 3-бөлігімен сотта жалған анықтаманы пайдаланғаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды", - делінген прокуратураның хабарламасында.
Осы соттың үкімімен фельдшер жалған құжат жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге сотталды.
Сондай-ақ, Бөрлі аудандық сотының қаулысымен азаматша ӘҚБтК-тің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік көлемінде әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.