Бала медициналық ұйымға бастапқыда басқа негізгі диагнозбен ауыр жағдайда түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қосымша қызылша инфекциясына тән клиникалық белгілер байқалғанымен, зертханалық зерттеу нәтижесінде диагноз расталмады.
Науқасқа қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сәйкес барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, жүргізілген ем-шараларға қарамастан, баланың өмірін сақтап қалуға мүмкін болмады. Қазіргі уақытта жағдай бойынша тиісті талдау жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлады БҚО Денсаулық сақтау басқармасы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу