Батыс Қазақстанда 13 193 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 522 бала

172

Жергілікті маңызы бар автожолды су шайып кетуі бақылануда.  

Батыс Қазақстанда 13 193 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 522 бала Фото: ҚР ТЖМ

Көлік қатынасы жоқ Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарында 9 елдімекен бар. 1905 саяжайды су басты. Жергілікті масштабта 6 төтенше жағдай жарияланды.

Облыс аумағындағы өзендер қауіпті деңгейге жеткен жоқ (қауіпті/ нақты): Жайық - 850 см/755 см.

13 193 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 522 бала. Эвакуациялық пункттерде 1 733 адам орналасқан, оның ішінде 780 бала, 11 460 адам туыстарында. 4886 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды.

Облыс бойынша барлығы 1 021 мың м3 еріген қар суы сорылды, 501 мың дана қапшық және 3 397 мың тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 5 553 адам, 683 бірлік техника, 114 бірлік су сору құралы, 85 дана жүзу құралы және 3 вертолет жұмылдырылған. Авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін 6 өңірден қосымша күштер мен құралдар тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу