"Цифрлық сату" жедел алдын алу іс-шарасы барысында БҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тыйым салынған заттарды таратуға қатысы бар деп күдікке ілінген 17 жастағы өңір тұрғынын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жеке тінту кезінде күдіктінің қалтасынан изолентамен оралған 22 түйіншек табылып, тәркіленді. Олардың ішінде ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ тәрізді зат болған.
– Қазіргі уақытта оның құқыққа қайшы қызметке қалай тартылғаны және қылмыстық схеманы ұйымдастыруға қатысы бар азаматтар анықталуда. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ведомстводан.