Батыс Қазақстанда 2 жасар баланы жылқы теуіп өлтірді

284

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде. 

Батыс Қазақстанда 2 жасар баланы жылқы теуіп өлтірді Фото: jasqazaq.kz

Батыс Қазақстан облысында 2 жасар ұл баланы жылқы теуіп өлтірді. Бәйтерек ауданы Щапов ауылы тұрғындарының сөзіне қарағанда, жазатайым оқиға 30 маусым күні түс ауа болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үйінің есігінің алдында жүрген баланы жылқы тепкен. Оқиғаны көрші әйел көрген. Баланы ата-анасы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізгенмен, алып қала алмаған. 

Марқұм бүгін жерленді.

Щапов ауылдық округінің әкімі Біржан Нұрбайыров пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Төребек Маратов оқиғаның болғанын растады.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу