Батыс Қазақстанда 24 млн теңге тұратын жер телімі мемлекетке қайтарылды

153

Сырым ауданының прокуратурасы пайдаланылмаған жер учаскелерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.  

Батыс Қазақстанда 24 млн теңге тұратын жер телімі мемлекетке қайтарылды Фото: eldala.kz

Ауданның жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қадағалау актілері бойынша жол берілген бұзушылықтарға байланысты кадастрлық құны 24 миллион теңгеден асатын жалпы ауданы 3200 гектардан астам жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылуда.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы орган Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы шеңберінде ауылдық жерде тұратын шынниеті бар тұрғындарға қайтарылған жерлерді пайдалануға беруге бағдарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу