Батыс Қазақстанда 3 300-ге жуық саяжай үйі суға кетті

259

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның 2 921-і Орал қаласындағы өзен жайылмаларында орналасқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстанда 3 300-ге жуық саяжай үйі суға кетті Фото: БҚО ТЖД

"Облыс бойынша су тасқыны басталғаннан бері 13 777 адам эвакуацияланса, соның 5 717-сі – балалар. Эвакуациялық пункттерде 2 314 адам тұрып жатса, соның 998-і – балалар. 11 463 адам туыстарына кеткен. 4 925 мал қауіпсіз жерге айдалды. Апаттық-құтқару жұмыстарына 10 519 адам, 1 784 техника, 212 су сору құралы, 164 қайық және 4 тікұшақ жұмылдырылған", - деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, Жайық өзенінің деңгейі Оралда 34 сантиметрге көтеріліп, қауіпті шекке жақындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу