Батыс Қазақстанда 400 тонна пішен өртеніп кетті

138

Зардап шеккендер жоқ.

Батыс Қазақстанда 400 тонна пішен өртеніп кетті Фото: ТЖМ

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Алғабас ауылында болған өрт оқиғасы туралы әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ауыл тұрғынының сөзіне қарағанда, үш сағат бойы күткенімен, өрт сөндірушілер келмеген.

"Ауылдарда өртке қарсы ешқандай дайындық жоқ. Өзіміз алысқанымызбен, ештеңе шығара алмадық. 1 500 рулон пішен, 3 базамыз өртеніп кетті", – дейді Алғабас ауылының тұрғыны.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, Алғабас ауылында екі мекенжай бойынша өрт болып жатқаны жөнінде 2 қыркүйек күні сағат 04.49-да хабар түскен.

Абылай хан көшесі 5/1-мекенжайында 240 шаршы метр қора-қопсыға қоса 1 500 рулон шөп (375 тонна), 10 тонна ірі мал азығы және 4 тонна дизельді отын жанып кеткен. 

Оған қоса Абылай хан көшесі 5/2-мекенжайында 240 шаршы метр қора-қопсы, 100 рулон пішен (25 тонна) отқа оранды. 

"Өрт 3 қыркүйек күні сағат 02.41-де оқшауланып, сағат 06.10-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталып жатыр", – деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу