Батыс Қазақстанда 42,5 тонна пішен өртенді

449

Жыл басынан бері облыс бойынша барлығы 378 өрт тіркелген.

Батыс Қазақстанда 42,5 тонна пішен өртенді

Батыс Қазақстан облысында 42,5 тонна мал азығы жанып кетті, деп хабарлайды  БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 14 қыркүйек күні кешкісін Теректі ауданы Теректі ауылында болған.

"Сағат 19.23-те Бойная көшесі 30-мекенжайында 25 тонна шөп (100 рулон) пен аумағы 15 шаршы метр қора отқа оранды. Күшті желдің салдарынан жалын көршілес орналасқан Горький көшесі 15/1-үйдің ауласына ауысты. Мұнда 17,5 тонна (70 рулон) пішен мен 40 шаршы метр қора жанды. Өртті сөндіруге 19 адам (6 техника) жұмылдырылды. "Тілсіз жау" сағат 21.30-да оқшауланып, 15 қыркүйекте 00.55-те толықтай ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі келтірілген шығын анықталу үстінде", – деп хабарлады ведомстводан.

Жыл басынан бері облыс бойынша барлығы 378 өрт тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу