Батыс Қазақстанда 50-ге тарта мектеп апаттық жағдай алдында тұр

561

198 мектеп 1980 жылға дейін салынған. Бұл дегеніміз өңірдегі барлық мектептің 52 пайызына тең.

Батыс Қазақстанда 50-ге тарта мектеп апаттық жағдай алдында тұр

Бұл туралы үкімет отырысында облыс әкімі Ғали Есқалиев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"48 мектеп саманнан салынған және апаттық жағдай алдында. Ал апатты жағдайдағы мектеп саны – алтау. Мәселені шешу мақсатында екі мектеп салу жобасы жасақталды. Біріншісі 60 орындық, құны 850 млн теңге болады, Екіншісі 108 орындық, құны бір млрд теңге болады",  деді әкім.

Оның айтуынша, биыл 25 мектептің құрылысы жүргізіледі. Бір мектеп төтенше жағдай салдарын жоюға берілген қаржы есебінен салынады. Алты мектеп – бюджет есебінен, үшеуі – жеке инвестиция есебінен, 15 шағын жинақты мектеп "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В" компаниясының әлеуметтік міндеттемесі есебінен жүргізіліп жатыр.

Өңірдегі 416 ауыл мен екі қалада 381 мектеп бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу