Батыс Қазақстанда 50 мың түп көшет отырғызылды

575

Батыс Қазақстанда 50 мың түп көшет отырғызылды

Батыс Қазақстанның аудандарында 50 мыңға жуық тал отырғызылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қалалық мәдени және демалыс саябағында "Гүлдене бер, туған ел" акциясы өтті. Мұндай шара республикамыздың әр өңірінде елбасымыздың бастамасымен "Туған ел" бағдарламасы аясында өткізіліп жатқаны белгілі.

Қазір өңірде, яғни аудандар мен қалаларды қоса алғанда, 50 мыңға жуық тал отырғызылады.

Өткен жылы Батыс Қазақстан облысында 60 мың көшет отырғызылды, биыл осы акция аясында 50 мың ағаш отырғызылды. Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, абаттандыру шаралары бұдан әрі де жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу