Батыс Қазақстанда 73 жастағы қария әйелін қатігездікпен өлтірген

351

Зейнеткер 10 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Батыс Қазақстанда 73 жастағы қария әйелін қатігездікпен өлтірген Фото: DW

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта 73 жастағы зейнеткерге үкім шығарылды. Ол әйелін өлтіргені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс материалдарында зейнеткер алдымен жұбайын пәтерде ұрып-соғып, оны баумен тұншықтырып, содан кейін қолымен тұншықтыра бастағаны айтылады. Ол әйелімен 48 жыл отасқан.

"Сот отырысында сотталушы өзінің іс-әрекетіне өкінетінін және жасалған қылмысты мойындайтынын айтты", - деді соттағылар.

Сондай-ақ, сотта мұндай мерзім оның жасына байланысты тағайындалғаны айтылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу