Батыс Қазақстанда алаяқ тұрғындардан 200 млн теңгеге алдап алған

374

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Батыс Қазақстанда алаяқ тұрғындардан 200 млн теңгеге алдап алған Фото: ult.kz

Батыс Қазақстанда алаяқ тұрғындарды жоғары табыс табасың деп, жоқ кәсіпке ақша аудартқан. Келтірілген шығын көлемі 200 млн теңге, деп жазады inbusiness.kz сайты.

БҚО полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Түркістан облысының 32 жастағы тұрғынын ұстады.

Тұрғындар алаяқпен әлеуметтік желіде танысыпты. Алданғандардың бірі оған екі пәтердің ақшасын аударып жіберген. 

– Алаяқ әйелге жоғары табыс табасың деп уәде беріп, қаржы салуды ұсынған. Әйел оған екі пәтерді сатудан түскен қаржысына жинаған ақшасын қосып берген. Келтірілген залал 77 млн теңгеден асқан. Сонымен қатар алаяқтың құрығына жәбірленушінің туысқандары мен таныстары түскен. Қазіргі кезде алаяқтықтың алты эпизоды бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қаржыны өз мұқтажына жұмсаған, букмекерлік кеңселерде бәс тігіп, ұтылған, – деп хабарлады ведомстводан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу