Батыс Қазақстанда алаяқтар мұғалімнің атына 9 млн теңге несие рәсімдеген

187

Аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Батыс Қазақстанда алаяқтар мұғалімнің атына 9 млн теңге несие рәсімдеген Фото: pexel

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының 54 жастағы мұғалімі алаяқтардан зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, алаяқтар алданған әйелдің атына 4 бірдей банктен несие рәсімдеген. Сөйтіп оны 9 млн теңге шығынға қалдырған.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 190-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сонымен қатар, Орал қаласының 51 жастағы тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп, 600 мың теңгесін аударып жіберген. 

"Алаяқтар Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен банктің қауіпсіздік қызметінің мамандарымыз деп өздерін таныстырып, азаматтарға хабарласады. Олар жәбірленушілердің есепшоттарын қорғаймыз деген сылтаумен қаржысын иемденіп кетіп жатыр. Облыстық полиция департаменті тұрғындарға абай болу керектігін, банктік карта деректерін, құпия сөздер мен SMS арқылы келетін растау кодтарын телефон арқылы ешкімге айтпау керектігін еске салады", - деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу