Батыс Қазақстанда алимент төлеуден жалтарып жүрген қос азаматтығы бар ер адам ұсталды

143

Ол құқық қорғау және шекара қызметтерін алдап, Қазақстан Республикасының шекарасын кедергісіз кесіп өткен. 

Батыс Қазақстанда алимент төлеуден жалтарып жүрген қос азаматтығы бар ер адам ұсталды Фото: Polisia.kz

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі алимент төлеуден жалтарған, іздеуде жүрген 48 жастағы ер адамды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іздестіру шаралары барысында ер адамның Ресей Федерациясы аумағында жүргенде тегі мен әкесінің атын өзгертіп, Ресей азаматтығы мен төлқұжатын алғаны белгілі болды.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде оның қос азаматтығы бар екені дәлелденді. Сот шешімі бойынша құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 540 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. 2024 жылдың 12 айында облыс полициясы қос азаматтық алудың 57 фактісін анықтады.

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті осындай құқық бұзушылықтарды анықтау және "Заң мен тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу