Батыс Қазақстанда аса ірі көлемде алаяқтық жасаған құрылыс салушылар сотталды

160

Олар 32 жәбірленушіге 490 888 000 теңге көлемінде шығын келтірген.

Батыс Қазақстанда аса ірі көлемде алаяқтық жасаған құрылыс салушылар сотталды Фото: gov.kz

Орал қаласы прокуратурасы мемлекеттік айыптаушысының табанды ұстанымының нәтижесінде екі айыпталушының аса ірі көлемде алаяқтық әрекеттер жасағаны үшін кінәсі толығымен дәлелденді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сотта айыпталушылар жәбірленушілермен азаматтық-құқықтық қарым-қатынастың бар екенін алға тартып, кінәсін мойындамады.

Алайда сот айыпталушыларды кінәлі деп тауып, 6 және 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Осылайша, жалған құрылыс салушылар өз міндеттемелерін орындағысы келмей, азаматтардан ақша алу үшін алдамшы схемаларды қолданған.

Қылмыстық мақсатқа жету үшін олар әлеуметтік желілерде, сондай-ақ әртүрлі интернет-жарнама платформаларында таунхаустар салуды ұсынатын ақпаратты орналастырған.

Кәсіпкерлік қызметтің көрінісін жасай отырып, сотталушыларда жер телімдері жоқ бола тұра тұтынушылардан қаражат алып, кейіннен сенім білдірген азаматтарға құрылыс келісімшартының орындалуына сендірді.

Қаражатты алған құрылыс салушылар келісім-шартта белгіленген мерзімде тұрғын үй салуға уәде беріп, бірақ іс жүзінде ол ұзақ уақыт бойы орындалмай, жаңылыстыруды жалғастырды.

Алайда тұрғын үй құрылысы басталмай, 32 жәбірленушіге 490 888 000 теңге көлемінде шығын келтірілді, ол сот үкімімен жәбірленушілердің пайдасына толық көлемде өндірілді.

Ағымдағы жылы елімізде тұрғын үй сатып алу кезінде қолайлы жағдайларды уәде етіп, өз міндеттемелерін орындамай, азаматтарды жаңылыстыратын құрылыс салушылардың жосықсыз әрекеттерінің көбеюі байқалады.

Мұндай әрекеттер тұтынушылардың құқықтарын бұзып қана қоймай, экономикаға айтарлықтай зиян келтіреді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес, алаяқтық, соның ішінде жылжымайтын мүлік саласындағы алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы азаматтарды мұқият болуға, құрылыс салушылардың беделін тиянақты тексеруге және кез келген күдікті әрекеттер туралы хабарлауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу