Батыс Қазақстанда аутизммен ауыратын жігіт бес күннен бері табылмай жатыр

439

Ол 6 маусым күні үйінен шығып, қайтып оралмаған. 

Батыс Қазақстанда аутизммен ауыратын жігіт бес күннен бері табылмай жатыр Фото: Мой город

Полиция Батыс Қазақстан облысы Рубежинское ауылының 19 жастағы тұрғыны Игорь Исраиловқа іздеу салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоғалған күні Игорьдің үстінде қара футболка, ашық көк шорт, аяғына көк кроссовка киген. Оның бойы 180 сантиметр, арық келген. Шашы ақшыл, қысқа.

Игорь Исраиловты іздеуге полиция да жұмылдырылды. 

Еске салайық, аутизм дертіне шалдыққан бала 4 маусым күні ата-әжесінің үйінен шығып, жоғалып кеткен. Туыстары мессенджерлерде баланың ауладан ішкиім мен жейдемен шыққан видеосын жариялады. Бұл сәт көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Араға бірнеше күн салып Кәрімнің денесі өзеннен табылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу