Алексеева көшесіндегі балалар ойнайтын алаңда иттер қыз балаға шабуыл жасаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Денсаулық сақтау басқармасы 11 қазан күні күндізгі уақытта аудандық ауруханаға 5 жастағы баланың түскенін хабарлады. Баланың денесінде тістің іздері көп болған.
"Бала реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Дереу қажетті көмек көрсетілді. Баланың жағдайы тұрақталды. Хирургия бөлімшесіне ауыстырылды", - делінген хабарламада.
Бүлдіршіннің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Өзі жүреді, тамақтанады дейді дәрігерлер.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу