Оқиға 31 тамызда – Орал автожолының 10-шақырымында болды. 34 жастағы жүргізуші Ford Fusion көлігін басқара отырып, рөлге ие бола алмай 40 жастағы азаматты қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан азамат алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Екінші оқиға сол күні Самара – Шымкент автожолының 446 км-де орын алды. 46 жастағы жүргізуші Daewoo Matiz көлігін басқара отырып, рөлге ие бола алмай, жол жиегіне аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 46 жастағы жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Сонымен қатар 1984 жылғы азаматша мен кәмелеттік жасқа толмаған 11 жастағы жасөспірім түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.