2 қаңтар күні жергілікті сағат 08.30-дан бастап республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (195-240 км, Орал қаласынан РФ шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Осы жолдың Подстепный ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аралығы да (260-526 км) жабық тұр.
Сол секілді Орал-Тасқала-РФ шекарасы (4-104 км, Оралдан РФ шекарасына дейін), Атырау-Орал (189-482 км, Оралдан Атырау облысының шекарасына дейін) жолдары жабық. Сондай-ақ сағат 08.30-дан бастап республикалық Подстепный-Федоров-РФ шекарасы (3-144 км, Подстепныйдан РФ шекарасына дейін) жолында да барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Осыған байланысты БҚО ТЖ депаратаменті ескерту жариялап, хабарламалар жіберіп жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да қолайсыз ауа райына байланысты республикалық жол жабылғанын жазған болатынбыз.