Батыс Қазақстанда дәнді-дақыл алқаптарының көлемі 15 пайызға ұлғайды

980

Батыс Қазақстанда дәнді-дақыл алқаптарының көлемі 15 пайызға ұлғайды

Батыс Қазақстан облысынының диқандары егіннен мол өнім алудан үмітті. Биыл олар дәнді-дақыл алқаптарының көлемін 15 пайызға ұлғайтып отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Игерілетін жерлердің жалпы аумағы – 482 мың гектар. Өңірде "Кең дала" бағдарламасы аясында көктемгі далалық жұмыстарды нәтижелі жүргізу мақсатында 600 миллион теңге несие қаржысы қаралған. 

Тәжірибелі диқан Сәлімбай Мәдиевтің шаруа қожалығы 20 жыл бұрын құрылды. Ол кезде небары мың гектардай жері, көне тракторы ғана болған. Қазір егістік алқаптарының көлемі 5 мың гектардан асады. Техника сайлы. Тұқымның жоғарғы сұрыптарын көрші елдерден сатып алады.

Сәлімбай Мәдиев, шаруа қожалығының жетекшісі:

-  Үкімет тарапынан бағдарламалар арқылы жаңа техника болсын, бидадың сорты мен күнбағыс болсын субсидия арқылы алдық. Соның арқасында егін ектік. Осы егісті бітірген соң күзгі  егіске әзірлейтін 1243 гектар жер бар, соған кірісеміз.

Кейіпкеріміз мал шаруашылығын қолдауға арналған бағдарламаның көмегімен аналық ірі қара өсіруді де қолға алыпты. Жылқы мен қой да жеткілікті. Болашақта егіс көлемін ұлғайтып, бос жатқан жерлерді жалға алуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу