Батыс Қазақстан облысында егілуге тиісті тұрғындардың (414 389) 60,9 пайызы екпе алды.
Соның 180 245-і "Спутник V", 18 541-і "QazVac", 24 993-і "Hayat-Vax", 7 720-сы "Corona-Vac", 20 811-і "Vero Cell" вакцинасын таңдады.
Сондай-ақ 237 275 адам (57,3 пайызы) екінші компонентпен егіліп үлгерді.
Күні бүгін облыста 82 838 доза І, 102 465 доза ІІ компонент бар.
Сонымен қатар 4 635 адам ревакцинациядан өтті. 3 740 адам Pfizer компаниясының екпесін салдырса, соның 2 208-і –жасөспірімдер, 102-сі – жүкті, 1430-ы – бала емізетін әйелдер.
Басқарма мәліметі бойынша, пандемия басталғаннан бері 39 931, биыл 30 710 адамнан коронавирус табылды.
Соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, індет жұқтыру көрсеткіші 12,1 пайызға (13 науқасқа) кеміді.
Жыл басынан бері ауырған 3 025 баланың 3 008-і жазылып шықты. 17-сі сауығу үстінде. Биылғы оқу жылы басталғаннан бері 902 оқушыдан коронавирус анықталды. Күні бүгін амбулаторлық ем алып жатқан 286 науқас болса, соның 76 пайызында ауру жеңіл өтуде. 4 пайызының жағдайы орташа, 20 пайызы – симптомы жоқтар.
Облыста 610 төсектік 11 инфекциялық стационар жұмыс істеуде. Ауруханаларда жатқан 99 науқастың 12-сі жансақтау бөлімшелерінде. Соның ішінде екеуі инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына, бесеуі инвазивті емес осындай құрылғыға, тағы бесеуі оттегі концентраторына қосылған.
Жыл басынан 675, желтоқсан айында 6 адам коронавирустан көз жұмды.