БҚО әкімдігінен мәлім еткеніндей, конкурстық комиссияның шешіміне және меритократия қағидаттарына сәйкес Миржан Жанғазыұлы Нұртазиев Батыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Миржан Нұртазиев 1987 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін қаржы мамандығы бойынша аяқтаған.
Әр жылдары Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қорын ұстау секторының бас маманы, Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қорын ұстау секторының меңгерушісі, Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары, Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы болды.
Сондай-ақ БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы энергетиканы дамыту бөлімінің бас маманы, Теректі ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
Күні бүгінге дейін БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті.
Сонымен қатар Медет Ғилманұлы Айдынғалиев БҚО стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Медет Айдынғалиев 1982 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін мемлекеттік басқару мамандығы бойынша тәмамдаған. ҚР Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша магистр дәрежесін де алған.
Әр жылдары Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық унверситетінің оқытушысы, Қазталов ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, Қазталов ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары, Қазталов ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, БҚО қаржы басқармасы құқықтық жұмыс және персоналды басқару бөлімінің басшысы, БҚО әкімінің аппараты талдау және бақылау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
Осы кезге дейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында жаңа басшы тағайындалғанын жазған болатынбыз.