"ҚазАвтоЖол" ЖШС БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 4 наурыз күні сағат 20.40-тан бастап республикалық маңызы бар Подстепный - Теректі - РФ шекарасы автожолында (3-97 км, Подстепныйдан Бөрлі ауылына дейін) барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Жабылу себебі - бұрқасын, көктайғақ.
Сондай-ақ 5 наурыз сағат 00.50-ден бастап жылбысқы қарға байланысты республикалық маңызы бар Атырау - Орал автожолы (456-189 км, Көшімнен Атырау облысы шекарасына дейін) барлық көлік түрлері үшін жабылды.
Осыған орай БҚО Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жарияланғанын жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу