Батыс Қазақстанда ер адам зейнет жасына жеткенше құжатсыз жүрген

1111

Батыс Қазақстанда ер адам зейнет жасына жеткенше құжатсыз жүрген

Батыс Қазақстан облысындағы Сырым ауданының тұрғыны Амангелді Иманғалиев 68 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген.

Азамат мемлекеттік органдардан қолдау таппағаннан кейін аудан прокуратурасынан құжат алуға көмек сұраған. Содан кейін арнайы құрылған комиссия Елтай ауылдық округінде ақсақалдардың қатысуымен жиналыс өткізілген. Қажетті мұрағат деректері көтеріліп, оның болжалды жасын анықтау мақсатында медициналық тексеру жүргізіледі. Осыдан кейін аудан прокуратурасы сотқа талап-арыз түсіріп, соның нәтижесінде А.Иманғалиевтің 1947 жылы 15 мамырда дүниеге келгені анықталып отыр, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке сүйеніп.

Сот шешімі негізінде Амангелді Иманғалиев алғаш рет жеке куәлігін алып, сосын зейнетақысын да рәсімдеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын осыған ұқсас екі жағдай Ақжайық ауданында орын алған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу