Батыс Қазақстанда есепші 7 млн теңге бюджет қаражатын құмар ойынға салған

656

Кінәсі дәлелденген жағдайда оған 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Батыс Қазақстанда есепші 7 млн теңге бюджет қаражатын құмар ойынға салған Фото: canva.com

Батыс Қазақстан облысында есепші 7 млн теңге бюджет қаражатын құмар ойынға жұмсап жіберген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға Қаратөбе ауданында болды.

Қаратөбе ауданы прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлімі 1-тармағына (ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сәйкес материалды тіркеп, БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолдады.

"Қаратөбе ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі "Жастар ресурстық орталығы" КММ есепшісінің құмар ойынмен айналысқаны анықталды. Есепші басшының рұқсатынсыз және бұйрығынсыз оның ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, 7 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырған. Есепші жауабында өзінің және жұбайының атына ашылған жеке кәсіпкерлік субъектісіне бюджет қаржысын бірнеше рет аударып келгенін айтты. Қазіргі таңда оны экономикалық тергеп-тексеру департаменті күдікті ретінде таныды. Кінәсі дәлелденген жағдайда оған 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін", деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу