Батыс Қазақстанда қария 1,3 млн теңгесін "жанашырларына" аударып жібере жаздады

204

Оралда полицейлер зейнеткерді алаяқтардың қақпанына түсіп қалудан құтқарып қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстанда қария 1,3 млн теңгесін "жанашырларына" аударып жібере жаздады Фото: Бейнежазбадан

Қаладағы сауда орталықтарының бірінде зейнеткер 1,3 миллион теңгені алаяқтарға аударғалы тұрған сәтінде полиция қызметкерлері дер кезінде араласып, тоқтатты.

Зейнеткер терминалдың алдында тұрғанда, телефон тұтқасынан әйел адамның дауысы үздіксіз нұсқау беріп отырған.

Ол "ақшаңызды қызыңызға жіберіп жатырмын деп айтыңыз" деп бағыттап, айналадағыларға не жауап беру керегін де үйреткен.

Әңгімеге кейін өзін "баласы" және "полиция қызметкеріміз" деп таныстырған бейтаныс адамдар қосылып, ақшаны дереу аударуын талап еткен.

Белгілі болғандай, бірнеше күн бойы алаяқтар зейнеткерді қорқытып, "жинаған қаражатыңыз жоғалып кетуі мүмкін, оны қауіпсіз шотқа аударыңыз" деп сендірген.

Сөйтіп, қарт кісі қолындағы ақшасын терминалға әкеліп, соңғы сәтте ғана полицейлердің көмегімен аман қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу