Батыс Қазақстан облысында мүйіздері кесілген 50-ге жуық киіктің өлексесі табылды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.
"Батыс Қазақстанда жануарларға қарсы қылмыстық əрекет орын алды. Бүгін "Охотзоопром" инспекторлары рейд кезінде мүйіздері кесіп алынған 50 бас киікті тапты. Полиция қазіргі уақытта осындай тағылыққа барған адамдарды іздестіруде. Қылмыс жасағандар табылып, жазасын алады деп сенемін", – деп жазды министр Twitter-дегі парақшасында.
Оқиға орнына Жаңақала аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақыртылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу