Батыс Қазақстанда көлік қозғалысына шектеу қойылды

123

Қардың күрт еруі салдарынан жолдарды су басып қалды. 

Батыс Қазақстанда көлік қозғалысына шектеу қойылды Фото: pixabay

Батыс Қазақстан облысында Орал-Белес-Переметный автожолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БҚО полиция департаменті мәлім еткеніндей, қардың күрт еруі салдарынан су мол келіп, жолдың үстіне шығып кеткен.

Қазіргі кезде автокөліктер Орал-Саратов жолы арқылы қатынап жатыр. 

"Жүргізушілерге жолға шыққан кезде аталған ақпаратты ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін еске саламыз. Бұл азаматтар қауіпсіздігі үшін жасалып отыр", - деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу