Батыс Қазақстанда құны 21 млн доллар болатын жобаның құрылысы тоқтатылды

1073

Бәйтерек ауданында ашылуы тиіс болған кәсіпорында күнбағыс сабағынан және басқа дақылдардан шөп целлюлозасы өндірілмекші болған.  

Батыс Қазақстанда құны 21 млн доллар болатын жобаның құрылысы тоқтатылды

Батыс Қазақстан облысында құны 21 млн доллар болатын жобаның құрылысы басталмай жатып тоқтатылды, деп хабарлады Atameken Business.    

Жобалық қуаттылығы – жылына 12 480 тонна. Бірақ айналым қаражаты жеткіліксіз болғандықтан, жобаны іске асыру мүмкін болмады.

Негізі, бүгінгі таңда целлюлоза өнімдері сұранысқа ие, сондықтан осы жобаны іске асыру үшін бірлескен инвестор іздестірілуде. Өндіріс орнын құру үшін 10 гектар көлеміндегі жер учаскесі бөлінген. Ал, жобаның бастамашысы ұңғыманы бұрғылап, инфрақұрылым бойынша жобаны да әзірлеп қойған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу