Батыс Қазақстанда құтқарушыны пышақтаған күдікті екі айға қамауға алынды

206

26 жастағы құтқарушы ауруханада ем алып жатыр.

Батыс Қазақстанда құтқарушыны пышақтаған күдікті екі айға қамауға алынды Фото: rbc.ua

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны кезінде құтқарушыны пышақтаған күдікті екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Казталов аудандық сотымен аудан прокуратурасының ҚР ҚК 380-бабы 5-бөлігіне сәйкес қылмысты жасағаны үшін 1993 жылғы күдікті А-ға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге санкциялау туралы қозғаған өтінішхаты қанағаттандырылды.

"Іс құжаттарынан көрінгендей, күдікті А. су тасқынынан жергілікті тұрғындарға көмек көрсету үшін келген кезекші құтқарушыға өз міндеттерін орындау кезінде өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданған", - деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу