Батыс Қазақстанда қылмыстық топ ұсталды

339

Заң бұзғандарға қатысты қозғалған іс жан-жақты тексеріліп жатыр.

Батыс Қазақстанда қылмыстық топ ұсталды Фото: Media.az

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Орал қаласында балық пен бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын сатумен айналысатын заңсыз арнаны анықтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Қылмыстық топ балық өнімдерін жалған құжаттарымен Орал қаласындағы орталық базарларына әкеліп сатқан.

"1520,55 келі бекіре балығы, 27,3 келі қызыл және 1,25 келі қара уылдырық, сондай-ақ 2 млн 705 мың теңге және 35,8 мың рубль, тапанша, оқ-дәрілер, электронды таразы, пышақ, дүрбі тәркіленді", – делінген хабарламада.

Ұсталған азаматтар Батыс Қазақстан облысының тұрғындары екені анықталды. ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тереп-тексеру жұмыстары басталды. Заң бұзғандарға қатысты қозғалған іс жан-жақты тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу