Батыс Қазақстанда оқ жарақатын алған полицей жансақтау бөліміне жеткізілді

299

БҚО Полиция департаментінің өкілдері полицейдің жансақтау бөліміне жеткізілгенін растады.

Батыс Қазақстанда оқ жарақатын алған полицей жансақтау бөліміне жеткізілді Фото: Pixabay.com

Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің ғимаратында қызметтік қарудан жарақат алған полицей аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мой город" порталының мәліметінше, полиция қызметкері бақылау-өткізу бекетінде абайсызда өз-өзіне оқ атқан деген болжам бар. БҚО Полиция департаментінің өкілдері полицейдің жансақтау бөліміне жеткізілгенін растады.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу