Батыс Қазақстанда өмір бойына сотталған азамат жазасын жеңілдетуді сұрады

180

Алайда жоғарғы сот өз үкімінде тағайындалған жаза әділ деп бағалады. 

Батыс Қазақстанда өмір бойына сотталған азамат жазасын жеңілдетуді сұрады Фото: freepik

Батыс Қазақстан облысында фермерді тонап, өлтіргені  үшін сотталған Азамат Тоғаев 10 жылдан кейін жазасын жеңілдетуді сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақпан айында өмір бойына бас бостандығынан айырылған Тоғаев сот актілерін қайта қарауды сұрап, жоғары сот органына шағымданған. Ол өз қылмысының заңды саралануын талап етіп, тағайындалған жазаның дұрыстығына күмән келтірді. Алайда жоғарғы сот өз үкімінде тағайындалған жаза әділ деп бағалады.

"Өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі тағайындалған жаза жасалған әрекеттердің қоғамдық қауіптілігін, бұрын сотталған Тоғаевтың жеке басын, оның әрекеттерінде қауіпті қылмыстың қайталануы, соңғысында аса белсенді қылмыстық рөлі ескеріле отырып, сот шешімі заңды әрі әділ қабылданды", – делінген хабарламада.

2014 жылдың 13 қаңтарына қараған түні Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданында Тоғаев екі сыбайласымен ерлі-зайыптылардың үйіне кіріп кеткен. Ер адамды өлтіріп, әйелін байлап тастаған. Оның денсаулығына ауыр зақым келтіріп, ақша мен басқа да бағалы заттар талап еткен. Үйден қолма-қол ақша мен бірнеше миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын жымқырған. Ал әйел ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. 

Тоғаев 2014 жылдың маусым айында сотталды. Қарақшылық пен кісі өлтіруден басқа, ол бандитизмге қатысты деп танылды. Тоғаевтың сыбайластары 22 жылға бас бостандығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу