Батыс Қазақстанда оннан астам ауыл жарықсыз қалды

292

Бұл туралы БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Батыс Қазақстанда оннан астам ауыл жарықсыз қалды Фото: pexels.com

Батыс Қазақстан облысында 10-нан астам ауыл жарықсыз қалды, деп хабарлдайды inbusiness.kz сайты.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 7 ақпан күні сағат 02.30-да Теректі ауданы әкімдігінен 12 елді мекенде апаттық жағдайда электр желісінен ажыратылғаны жөнінде хабар түскен.

"Теректі ауданында барлығы 1 160 абонент жарықсыз қалды. Қазіргі кезде "Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы" ЖШС күшімен (14 адам, 9 техника) қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомстводан. 

Өңірде боран мен күшті желге байланысты электр желісі үзіліп, жол қатынасы қиындағаны жөнінде басқа да аудандар тұрғындарынан хабарлар түсіп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу