Батыс Қазақстанда орманға жақын аумақта құрғақ шөп жанды

380

Оқиға 7 шілде күні Теректі ауданы Шаған ауылдық округі Сатым елді мекені маңында болды.

Батыс Қазақстанда орманға жақын аумақта құрғақ шөп жанды Фото: ҚР ТЖМ

Батыс Қазақстан облысында орманға жақын аумақта құрғақ шөп жанды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 7 шілде күні Теректі ауданы Шаған ауылдық округі Сатым елді мекені маңында болды.

"Сағат 12.08-де 101 пультіне аталған аумақта өрт шыққаны жөнінде хабар түскен. Жедел жеткен өрт сөндірушілер орман белдеуі бойында шамамен 10 гектар құрғақ шөптің отқа оранғанын анықтады. Өртті сөндіруге орман шаруашылығы мекемесінен 12 адам, 2 техника, ТЖ департаменті жеке құрамынан 3 адам, 1 техника жұмылдырылды. Оған қоса Орал қаласынан №2 және №4 өрт сөндіру бөлімшелерінен 6 адам, 2 техника, ерікті өрт сөндірушілер құрылымы тартылды. Елді мекен мен орманға қауіп жоқ. Өртті өршітпеу үшін жер жырту жұмыстары жүргізілуде. "Тілсіз жау" сағат 13.26-да оқшауланды. БҚО ТЖД ғимаратында күш-құралдарды үйлестіру үшін жедел штаб құрылды. Соңғы күндері Батыс Қазақстан облысында күн қатты ысып кетті. Қазіргі кезде термометр тілі 33 градус ыстықты көрсетіп тұр", деп хабарлады ведомстводан.

Өңірде құрғақ шөптің өртенуі бірнеше рет қайталанып отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу