БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 7 қаңтар күні сағат 20.11-де Бәйтерек ауданы Көшім ауылындағы тұрғын үйде болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Бөлімшелер жеткенге дейін полиция қызметкерлері екі адамның денесін алып шыққан. Олардың біреуі ер, екіншісі әйел адам. Тілсіз жау сағат 21.30-да толықтай ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт-техникалық сараптама тағайындалды, – деп хабарлады ведомстводан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу