Батыс Қазақстанда сәбізге қақалып қалған сәби көз жұмды

504

Батыс Қазақстан облысында сәбізге қақалған 1 жас 7 айлық сәби көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Батыс Қазақстанда сәбізге қақалып қалған сәби көз жұмды Фото: zhaikpress.kz

Қайғылы оқиға 31 желтоқсан күні аудан орталығы Теректі ауылында болған.

Бала дереу Теректі аудандық ауруханасына жеткізілген.

"1,7 жасар ұл бала сәбіз жеп жүріп қақалып қалған. Оны анасы байқап, желкесінен түйгенімен, сәбіз шықпаған. Баланы аудандық ауруханаға алып келгенімен, тіршілік белгісі болмады. Жансақтау шаралары жүргізілгенімен, ол нәтиже бермей, сәби қайтыс болып кетті", - деп хабарлады ауруханадан.

Оқиғаны БҚО денсаулық сақтау басқармасы растап, Теректі ауданы бойынша 1,7 жасар баланың өлімі тіркеліп, сәбидің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілгенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу