Батыс Қазақстанда шағын және орта бизнес дамып келеді

1470

Батыс Қазақстанда шағын және орта бизнес дамып келеді

Батыс Қазақстан облысында шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды 24Хабар.

Қазір өңірдің экономикалық белсенді саналатын тұрғындарының үштен бірі осы салада еңбек етуде. Облыс аумағында 47 мыңдай кәсіпорын бар. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде соңғы жылдар ішінде 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Тек "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында 634 жоба қаржыландырылып, 60 кәсіпкер қайтарымсыз гранттарды иеленді. Бағдарламаға енгізілген өзгерістердің арқасында қазір өз ісін енді бастаған кәсіпкерге тиесілі несие қаржысының 80 пайызына мемлекет кепіл болмақ. Сонымен қатар ауылдағы бизнестің өрісін кеңейтуі тиіс несиеге тиісті шектеулер алынып, "стартап" жобалар алатын қаржы көлемі 20 миллион теңгеге дейін ұлғайтылып отыр.

"2016 жылы республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінді. Нәтижесінде құны 22 миллиард теңге болатын 130 жоба мақұлданды. Қабылданған жобалардың 43 пайызы ауылдық жерлерде жүзеге асатын болады", – дейді облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу