Батыс Қазақстанда шаруалар киіктердің егістікті таптап жатқанына шағымданды

1389

Алайда, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бұны күрделі мәселе емес дейді.

Батыс Қазақстанда шаруалар киіктердің егістікті таптап жатқанына шағымданды

Батыс қазақстандық шаруалар киіктердің егістікті таптап тастауына шағымданып жатыр. Жануарлар күннің ыстығынан қорғану үшін жерді қазып, сонда жатады. Ал бұл шаруалардың алқабына айтарлықтай зардап әкелуде, деп хабарлайды Atameken Business.

Алайда, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бұны күрделі мәселе емес дейді. Шаруалар тек өз жерлерін  жақсырақ қоршап, күзетсе болғаны.

Бір қуантарлығы, қызыл кітапқа енген киіктер көптеп төлдеп, олардың саны аумақта 200 мың басқа жетіп отыр.

"Ауыл тұрғындары киіктердің көбеюінен жайылымдық жерлер жетіспейді деп шағымдануда. Бірақ бұл жануарлар өте сақ, адам мен мал бар жерге жақындамайды. Жалпы, олар еркін жайылымда жүргеннен кейін, мұндай жағдайлар болып тұрады",– дейді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Серік Мәженов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу