Батыс Қазақстан облысында 124 мектепке Starlink жабдығы орнатылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Мой город" порталына сілтеме жасап.
Тағы 12 мектепте жүйе орнатылғанымен, бірақ іске қосылмапты.
"Шекара аймағында орналасқан 33 мектепке Starlink арқылы интернет желісіне қосылу қиындықтар туғызып отыр. Сондықтан бұл білім ордаларында интернетке қосылу осыған дейін болған (ADSL, LTE, спутник) технологиялар бойынша қалады. Бүгінде осы мектептерде жылдамдықты арттыру бойынша провайдерлермен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Интернет жақсы жұмыс істегенімен, біз жылдамдықты арттыруды сұрап отырмыз. Бұл мектептерде байланыс үшін ең жақсы оператор қолданылады", – деп хабарлады білім басқармасы.