Батыс Қазақстанда суға кеткен ер адамның денесін іздестіруде

1075

Батыс Қазақстанда суға кеткен ер адамның денесін іздестіруде

Суға кеткен ер адамның туыстары мүрдені табуға дайверлердің көмектесуін өтініп отыр. Бұл туралы "Мой город" порталына сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА хабарлайды.  

16 қазанда Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Солянка өзеніне балық аулауға шыққан азамат суға батып кеткен. Марқұмның ағасының айтуынша, құтқарушылар оны бір аптадан бері іздеп жатыр, әзірге еш нәтиже жоқ.

"16 қазанда ағам достарымен бірге балық аулауға кетті. Қатты желден толқын көтеріліп, резеңке қайық аударылып кетіп, олар суға бата бастайды. Жақын жерде басқа да балықшылар болған. Олар досын құтқарып үлгергенімен, ағама жетуге бір метр қалғанда, ол батып кеткен. Қазір дайвингистер мен жерді толықтай сырттан бақылайтын аппараты бар адамдар іздеп жатырмыз. Дене жағаға шығып қалған болуы да мүмкін. Өзен жағалауында тығыз қамыс өсіп тұр. Құтқарушыларға іздеу қиынға соғуда. Бүгін іздеуге екі құтқарушылар тобы келуі тиіс", – деді балықшының бауыры Ерлан Асанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу