Батыс Қазақстанда тасқыннан кейін жолды қалпына келтіруге 1 млрд теңге бөлінуі мүмкін

856

Көлік министрлігі қаулы жобасының келісу рәсімдерін жүргізіп жатыр. 

Батыс Қазақстанда тасқыннан кейін жолды қалпына келтіруге 1 млрд теңге бөлінуі мүмкін Фото: inbusiness.kz

Су тасқыны жолдарға 8,5 млрд теңгеге шығын келтірген. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айтуынша, республикалық жолдар бойынша 122 учаскеде жол жиектері мен қабаты шайылған.

"Шығын 8 млрд 500 млн теңгені құрады. Қалпына келтіру бойынша жұмыстарды қаржыландыру толық көлемде көзделген.

Бүгінгі таңда, республикалық бюджет есебінен 102 учаскеде жұмыстар толығымен аяқталды. Қалған 20 учаскеде жұмыстар Қазақстан Даму Банкінің қаражаты есебінен жүргізілуде", - деді Марат Қарабаев.

Ол Қостанай облысында 35 учаскеде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

"Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша 88 учаскені қалпына келтіру үшін Үкіметтің төтенше резервінен 29 млрд теңге қаражат бөлінді. Жұмыстар құрылыс мерзімінің соңына дейін аяқталатын болады. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі 26 учаскені қалпына келтіруге Үкімет резервінен 1 млрд теңге қаражат бөлу үшін тиісті есептер дайындады. Қазіргі таңда, Министрлік қаулы жобасының келісу рәсімдерін жүргізуде", - деді Көлік министрі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу