Батыс Қазақстанда төрт жасар баланы ит қапты

629

Батыс Қазақстан облысында төрт жасар баланы ит қапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Батыс Қазақстанда төрт жасар баланы ит қапты Фото: canva.com

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 12 қыркүйек күні Бөрлі ауданы орталығы Ақсай қаласында болды.

"Шамамен кешкі сағат 19.00-де аулада ойнап жүрген баланы ит қауып, денесінің бірнеше жерінен жарақат келтірген. Аудандық ауруханаға ата-анасы жеткізген балаға хирург дәрігер шұғыл көмек көрсетіп, антирабиялық вакцина жасалды. Содан кейін жедел Орал қаласындағы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Күрделі ота жасалған бала ем алуды жалғастыруда", - делінген хабарламада. 

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Әліби Төлегеновтің айтуынша, бала екі аталық безі сыртқа шығарылған жарақатын алған. Сондай-ақ ит оның санынан тістеген. Баланың жағдайы орташа ауыр, қалыпты.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, аталған дерек бойынша 13 қыркүйек күні ит иесі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 407-2-бабы 1-бөлігіне (үй жануарларын ұстау ережесін бұзу) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар иесі сенбернар тұқымдас итін дәрімен өлтіру туралы шағым түсірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу